«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Үшқұдық орта мектебінде «Күзгі асар» атты күзгі көрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар күзгі табиғи материалдардан түрлі қолөнер бұйымдарын жасады . Оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, күзгі өнімдерден ерекше жұмыстар дайындады.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке баулу және табиғатты аялауға тәрбиелеу. Көрме оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 7–9 қазан күндері ауыл мектептерінің 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі Алға мектеп-гимназиясы және Үшқұдық орта мектебі базаларында өткізілуде.
🔷Үш күнге жоспарланған білім додасына ауыл мектептерінен жалпы 312 оқушы қатысады.
📍Олимпиада информатика, физика, химия, қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, құқық негіздері және география пәндері бойынша өз білімдері мен қабілеттерін сынауда.
Білім сайысы оқушылардың пәндік білімдерін тереңдетуге, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ білім алушылардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Барша қатысушыларға сәттілік, жоғары нәтиже және жеңіс тілейміз!
«Mobilbox» цифрлық оқу кешені – білім берудегі заманауи мүмкіндік
Алға ауданы, Үшқұдық орта мектебіне «Алматыкітап» баспасы тарапынан Mobilbox цифрлық оқу кешені табысталды. Бұл құнды сыйлық мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Алимова Гулмира Куандыковнаның «TOPIQ LEADER – 2024» байқауына қатысып, І орын иеленуінің нәтижесінде берілген болатын.
Ұстазымыздың байқаудағы жоғары жетістігі – оның цифрлық білім беру ресурстарын оқу үдерісінде тиімді пайдаланып, заманауи технологияларды меңгеруге және оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған еңбегінің нәтижесі.
Mobilbox – оқу үдерісін заманауи цифрлық мүмкіндіктермен толықтыруға арналған тиімді оқу кешені. Оның басты артықшылықтарының бірі – интернет желісі болмаған жағдайда да цифрлық білім беру ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беруі. Бұл әсіресе ауылдық мектептер үшін өте маңызды.
Қазіргі таңда Mobilbox цифрлық оқу кешені мектебіміздің оқу үдерісінде қолданылып, мұғалімдер мен оқушыларға цифрлық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беруде. Сабақ барысында оқушылар планшеттер арқылы оқу материалдарымен жұмыс жасап, түрлі тапсырмаларды орындап, цифрлық сауаттылық дағдыларын жетілдіруде.
«TOPIQ LEADER – 2024» байқауындағы І орын – ұстаз жетістігі ғана емес, бүкіл мектеп ұжымы үшін маңызды нәтиже. Алимова Гулмира Куандыковнаның жетістігінің арқасында мектебіміздің цифрлық білім беру мүмкіндігі кеңейіп, оқушыларға заманауи технологияларды пайдалана отырып білім алуға жаңа жағдай жасалды.
Осындай қолдау көрсетіп, білім беру саласына заманауи цифрлық мүмкіндіктер ұсынып отырған «Алматыкітап» баспасына алғысымызды білдіреміз!
Мектепте сәуір айының 13-17 күндер аралығында ағылшын тілі пәнінен апталық өткізілді.
Тақырыбы: “Journey into the English World”
Мақсаты: оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілдік дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және пән бойынша білімдерін тереңдету.
Жауаптылар: Ағылшын пәні мұғалімдері
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







