Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

10.02.2025-14.02.2025 күндері аралығында  “Цифрлық әлемге-кемел біліммен” атты физика-информатика апталығы өткізілді. Бұл апталықтың басты мақсаты – оқушылардың осы екі маңызды ғылымға деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту, сонымен қатар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

Физика – табиғаттың тылсым сырларын ашатын ғылым, ал информатика – осы білімді өңдеп, жаңа технологиялар арқылы өмірімізге енгізетін сала. Осы апталық барысында түрлі сайыстар, тәжірибелік сабақтар, ғылыми жобалар мен қызықты шаралар өткізіліп, оқушылардың білімдерін жетілдіруге бағытталады. Осы апталықтан алған білімдері алдағы уақытта оқушыларымызға пайдасын тигізіп, үлкен жетістіктерге жетулеріңізге себеп болады деп сенеміз. 

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Мұқағали шығармашылығын насихаттау, әдеби шығармаларға сүйіспеншілік ояту мақсатында 5-7 сынып оқушыларымен мектеп кітапханашысы Даулетжанов Ш.Б. қосымша білім беру педагогі Уралова А.М. ұйымдастыруымен «Мұзбалақ ақын Мұқағали» әдеби кеші өтті.

27.01.2025-31.01.2025 күндері “Цифрлық әлемге-кемел біліммен” атты математика апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың математикаға деген көзқарастарын өзгертіп, цифрлар әлеміне деген ынта-жігерлері мен қызығушылықтарын арттыру.

Апталық барысында: Күнбе-күн оқушыларға әртүрлі тапсырмалар беріліп, “Математика менің көзіммен” атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Апталық жоспар бойынша сыныптан тыс шаралар өткізіліп, оқушылар марапатталды!

12 желтоқсанында Үшқұдық орта мектебінде біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес "Балалар кітапханасы" жобасы оқушылардың кітапқа зейінін ашу, білімқұмарлығын арттыру мақсатында "Кітап - тарих, шежіре " әдеби кеші өтті.
Жауапты: Уралова А.М., Даулетжанов Ш.Б.

© 2025 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі