«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Орыс тілі мен әдебиет апталығының мақсаты – оқушылардың тілдік және әдеби білімдерін кеңейту, орыс тіліне деген қызығушылықты арттыру және мәдениетке құрмет қалыптастыру. Бұл іс-шаралар арқылы білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту және орыс тілін меңгеруге ынталандыру.
Мектебімізде 02-06 желтоқсан аралығында «Язык - живая душа народа» атты орыс тілі мен әдебиеті апталығы өтті.
Апталық аясында әртүрлі іс-шаралар (сайыстар, кроссвордтар, ертегі қойылымы, мәнерлеп оқу сайысы) ұйымдастырылып, білім алушылардың қызығушылығын арттыру көзделді.
Мектебімізде 18-22 қараша аралығында «Тіл - асыл қазына» атты қазақ тілі апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: Оқушыларға ана тілін құрметтеп, ақылды, салмақты сөз айтуға, ойын нақты, жүйелі жеткізуге, тапқыр оймен шешен сөйлеуге көңіл бөлу, адамгершілікке баулу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Апталық ашылуынан аяғына дейін әдемі эмоциялар мен керемет сезімдерге толы болды. Апталықтың алғашқы күні мектебіміздің дарынды оқушылары ұлттық сұрақтарға жауап берді, бауырсақ мақалдар болды. Апта көлемінде әр түрлі қызықты шаралар атап айтсақ: «Ұлттық киімді дәріпте», «Қазақша караоке», «Әуенді тап», «Ұлттық ойын-халық мұрасы», «Қазақтың ұлттық ойыны-асық» ұйымдастырылды.
2024 жылдың 27 қазан күні “R:ED FEST” робототехника бойынша халықаралық фестивалінің республикалық кезеңіне оқушылар Астана қаласына барып қатысып келді. Төмендегідей оқушылар қатысушы дипломымен марапатталды: Аманжанов Елеусін, Маратов Нұрислам, Нұрлан Нұрбол, Бақытбекұлы Омар. Жетекшісі Дуйсембаева Р.М. Алғыс хатпен марапатталды.
"Let's speak English" ағылшын тілі апталығы жоспар бойынша 11.11-15.11.2024 аралығында өтті. Апталықтың мақсаты: оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







