«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2024 жылдың 18 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы "Қалалық техникалық шығармашылық орталығында” халықаралық “R:ED FEST" робототехника фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Осы кезең бойынша Үшқұдық орта мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
Шығармашылық санаты бойынша:
1 - орын Маратов Нұрислам мен Аманжол Елеусін;
Сумо санаты бойынша :
2 - орын Рақышұлы Дінислам мен Нұрлан Нұрбол;
Сызық бойынша қозғалыс санаты бойынша :
“Қатысушы дипломымен “* Еркебұлан Дамир мен Бақытбекұлы Омар;
Алғыс хатпен тәлімгері Дуйсембаева Рита марапатталды. Әріптесімізді жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
2024 жылы маусым айында Үшқұдық орта мектебінде "Күншуақ" лагері екі ауысымда жұмыс жасады. Лагерге 1-7 сынып оқушылары қамтылды. Лагерь жұмыс кестесі, бекітілген жоспар негізінде жұмыс жасады. Жүргізілген тәрбиелік жұмыстардың негізгі мақсаты баланың бос уақытын пәндік білімдерімен ұштастыра отырып тиімді пайдалану, қоршаған орта, туған ауыл, мектеп тазалығына көңіл бөлу, өзара ынтымақтастық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
«LEADER TOPIQ-2024» Республикалық байқауы жеңімпаздарын марапаттау АҚТӨБЕ облысынан басталды!😍🏆
Биыл «LEADER TOPIQ-2024» Республикалық байқауының дәстүрлі түрде 4-рет ұйымдастырылып, ел аумағынан 500-ден астам өтінім келіп түсті. Байқаудың басты мақсаты – «TOPIQ.kz» электронды оқулықтар платформасының үздік пайдаланушылар тәжірибесімен бөлісу.
Байқауға қатысушылар саны бойынша белсенділік танытқан облыс қатарынан Ақтөбе обылысы да табылды. Байқаудың Алғашқы кезеңіне Ақтөбеден 60-қа жуық өтінім келіп түсіп, оның тең жартысы екінші кезеңге жолдама алды. Нәтижесінде бірнеше номинация бойынша 10 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды. Марапаттау рәсімі дәстүрлі «Тамыз кеңесі» аясында өтті.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






