Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

Үшқұдық орта мектебі бойынша 2026 жылдың 23 ақпаныы мен 27 ақпаны аралығында мектепішілік жоспарға сәйкес химия, биология, география пәндері апталығы өткізілді. Апталық жоспары алдын ала құрылып, мектеп әкімшілігі тарапынан бекітілді.

Апталықтың мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын арттыру, ғылыми ойлау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Жоспарға сәйкес апталық барысында түрлі сыныптан тыс іс-шаралар, танымдық және зияткерлік ойындар, көңілді үзілістер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Химиктер лигасы», «Жер шарын саяхаттайық», «Қызықты химиялық тәжірибелер алаңы», «Үш ғылым – бір әлем», «Ғылым тапқырлары», «Забота о земле - обязанность каждого», «Жаратылыстану әлеміне саяхат» тақырыптарында ойындар мен сыныптан тыс шаралар өткізілді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық және облыстық кезеңдерінде жүлделі орын алған оқушыларымыз салтанатты түрде марапатталды. 

💎 Білімге деген құштарлық пен табандылықтың нәтижесі – жарқын жеңістер!
💎 Алда әлі талай биіктер мен жаңа табыстар күтіп тұр. Жеңістеріңіз құтты болсын!

2026 жылдың 26 қаңтарынан 6 ақпанына дейін мектебімізде МИФ(Математика, Информатика және Физика ) онкүндігі ұйымдастырылды.

Онкүндік барысында оқушыларға арналған әртүрлі қызықты іс-шаралар өткізілді: жарыстар, викториналар, тәжірибелер мен интерактивтік сабақтар. Балалар белсенді қатысып, өздерінің білімдерін көрсетті, жаңа нәрселерді үйренуге қызығушылық танытты.

Шара барысында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен логикалық дағдылары дамытылды, сондай-ақ ғылымға деген қызығушылықтары артты. МИФ онкүндігі мектебімізде білім мен ғылымды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған маңызды іс-шара болды.

«Өткенді танып, болашаққа қадам»

Тарих – ұлттың жады, өткен мен бүгінді, болашақты жалғап тұрған алтын көпір. Өткенін таныған ел ғана болашағына нық қадам басады. Осы орайда оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектебімізде 8–12 желтоқсан аралығында Тарих және Құқық апталығы өткізілді.

Апталықтың ашылу салтанаты «Өткенді танып, болашаққа қадам» тақырыбында ұйымдастырылып, оқушыларға халқымыздың бай тарихи мұрасы, ел тәуелсіздігі жолындағы күресі, құқықтық сананың маңызы туралы кең көлемде мағлұмат берілді. Іс-шара барысында оқушылар өткен тарихты саралап, бүгінгі күнмен салыстыра отырып, өз ойларын ортаға салды.

Апталық аясында түрлі танымдық, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың логикалық ойлау, ой түйіндеу, салыстырмалы талдау жасау және өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жас ұрпақты өз тарихын құрметтеуге, елін, жерін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу басты назарда болды.


 

 

Тарих-құқық апталығының мақсаты:

  • Оқушыларға халқымыздың өткен тарихы туралы жан-жақты мәлімет беру;

  • Тарих пәнінің маңыздылығын ұғындыру және пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • Оқушылардың салыстырмалы ойлау, талдау жасау, ой түйіндеу дағдыларын дамыту;

  • Өзіндік пікір қалыптастырып, еркін ой айтуға баулу;

  • Өткеннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге тәрбиелеу;

  • Оқушыларды өз елінің тарихын құрметтеуге, қадір тұтуға, азаматтық және патриоттық рухта тәрбиелеу.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі