Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

«Mobilbox» цифрлық оқу кешені – білім берудегі заманауи мүмкіндік

Алға ауданы, Үшқұдық орта мектебіне «Алматыкітап» баспасы тарапынан Mobilbox цифрлық оқу кешені табысталды. Бұл құнды сыйлық мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Алимова Гулмира Куандыковнаның «TOPIQ LEADER – 2024» байқауына қатысып, І орын иеленуінің нәтижесінде берілген болатын.

Ұстазымыздың байқаудағы жоғары жетістігі – оның цифрлық білім беру ресурстарын оқу үдерісінде тиімді пайдаланып, заманауи технологияларды меңгеруге және оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған еңбегінің нәтижесі.

Mobilbox – оқу үдерісін заманауи цифрлық мүмкіндіктермен толықтыруға арналған тиімді оқу кешені. Оның басты артықшылықтарының бірі – интернет желісі болмаған жағдайда да цифрлық білім беру ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беруі. Бұл әсіресе ауылдық мектептер үшін өте маңызды.

Қазіргі таңда Mobilbox цифрлық оқу кешені мектебіміздің оқу үдерісінде қолданылып, мұғалімдер мен оқушыларға цифрлық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беруде. Сабақ барысында оқушылар планшеттер арқылы оқу материалдарымен жұмыс жасап, түрлі тапсырмаларды орындап, цифрлық сауаттылық дағдыларын жетілдіруде.

«TOPIQ LEADER – 2024» байқауындағы І орын – ұстаз жетістігі ғана емес, бүкіл мектеп ұжымы үшін маңызды нәтиже. Алимова Гулмира Куандыковнаның жетістігінің арқасында мектебіміздің цифрлық білім беру мүмкіндігі кеңейіп, оқушыларға заманауи технологияларды пайдалана отырып білім алуға жаңа жағдай жасалды.

Осындай қолдау көрсетіп, білім беру саласына заманауи цифрлық мүмкіндіктер ұсынып отырған «Алматыкітап» баспасына алғысымызды білдіреміз!

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі