02–06 наурыз аралығында мектебімізде музыка және көркем еңбек пәндері бірлестігінің «Өнер – ұлт қазынасы» атты апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды іс-шараларға толы болды. Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру және эстетикалық талғамын қалыптастыру. Апталық аясында «Әсемдік әлемі – гүлдер әлемі» тақырыбында гүлдер көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өз қолдарымен жасаған түрлі композициялар мен әсем гүл шоқтарын ұсынды. Көрме барысында оқушылардың қиялы мен шеберлігі, сұлулыққа деген талғамы ерекше көрініс тапты. Әрбір жұмыс өзіндік ерекшелігімен көз тартып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары арасында «Өнерлі отбасы» атты сайыс өткізілді. Бұл сайысқа оқушылар ата-аналарымен бірге қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар ән айтып, би билеп, түрлі қолөнер жұмыстарын таныстырып, отбасы бірлігі мен өнерге деген құрметтің үлгісін көрсетті. Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Апталық барысында өткізілген іс-шаралар оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық белсенділігін дамытып, рухани дүниесін байыта түсті. «Өнер – ұлт қазынасы» атты апталық өз мақсатына жетіп, есте қаларлық жарқын сәттерге толы болды.



