«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңында көзделген, заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын сыбайлас жемқорлықпен ұжымдасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын іс-әрекет. Соған орай мектебіміздің 7-11 сынып оқушылары аралығында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» эссе байқауы ұйымдастырылды, байқауға 25 оқушы өз бақтарын ортаға салып, ең үздік жұмыстар марапатталды. Мақсаты: Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру. Ұйымдастырушы Докина Г.Қ.
Үшқұдық орта мектебінде 10 сәуір күні "12 сәуір - Ғарышкерлер күніне" орай "Өзін-өзі басқару" ұйымының 4-5 сынып оқушылары ұйымдастыруымен "Ғарыш және өнер" тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді. Шара барысында сұрақ-жауап, сергіту ойындары, зияткерлік ойындар, мәнерлеп оқу, флешмоб өтті. Шараға 1-8 сынып оқушылары белсенді қатысып,ойындар ойнап сыйлықтар алды.4-5 сынып қыздары өз өнерлерін көрсетіп,флешмоб биледі.
Семинарымыздың мақсаты – педагогтер арасында кәсіби ізденісті қолдау, шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыт беру, сондай-ақ жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
10.02.2025-14.02.2025 күндері аралығында “Цифрлық әлемге-кемел біліммен” атты физика-информатика апталығы өткізілді. Бұл апталықтың басты мақсаты – оқушылардың осы екі маңызды ғылымға деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту, сонымен қатар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
Физика – табиғаттың тылсым сырларын ашатын ғылым, ал информатика – осы білімді өңдеп, жаңа технологиялар арқылы өмірімізге енгізетін сала. Осы апталық барысында түрлі сайыстар, тәжірибелік сабақтар, ғылыми жобалар мен қызықты шаралар өткізіліп, оқушылардың білімдерін жетілдіруге бағытталады. Осы апталықтан алған білімдері алдағы уақытта оқушыларымызға пайдасын тигізіп, үлкен жетістіктерге жетулеріңізге себеп болады деп сенеміз.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







