«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектебімізде 18-22 қараша аралығында «Тіл - асыл қазына» атты қазақ тілі апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: Оқушыларға ана тілін құрметтеп, ақылды, салмақты сөз айтуға, ойын нақты, жүйелі жеткізуге, тапқыр оймен шешен сөйлеуге көңіл бөлу, адамгершілікке баулу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Апталық ашылуынан аяғына дейін әдемі эмоциялар мен керемет сезімдерге толы болды. Апталықтың алғашқы күні мектебіміздің дарынды оқушылары ұлттық сұрақтарға жауап берді, бауырсақ мақалдар болды. Апта көлемінде әр түрлі қызықты шаралар атап айтсақ: «Ұлттық киімді дәріпте», «Қазақша караоке», «Әуенді тап», «Ұлттық ойын-халық мұрасы», «Қазақтың ұлттық ойыны-асық» ұйымдастырылды.
2024 жылдың 27 қазан күні “R:ED FEST” робототехника бойынша халықаралық фестивалінің республикалық кезеңіне оқушылар Астана қаласына барып қатысып келді. Төмендегідей оқушылар қатысушы дипломымен марапатталды: Аманжанов Елеусін, Маратов Нұрислам, Нұрлан Нұрбол, Бақытбекұлы Омар. Жетекшісі Дуйсембаева Р.М. Алғыс хатпен марапатталды.
"Let's speak English" ағылшын тілі апталығы жоспар бойынша 11.11-15.11.2024 аралығында өтті. Апталықтың мақсаты: оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту.
29 қазан күні ғылыми-әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес мұғалімдерге жасанды интеллекттің білім беру саласында қолдану мүмкіндіктері мен оның тиімділігі туралы түсінік беру, ЖИ құралдарын оқу процесінде қолдану тәсілдері мен әдістерін таныстыру мақсатында "Жасанды интеллекттің білім берудегі рөлі" атты коучинг өткізілді.
Жауапты Сатаева М.А.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







