«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
24 қараша күні Үшқұдық орта мектебінде «Болашақ өзіңнен басталады» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге спорт саласында жетістікке жеткен жеңімпаздар — Қанатұлы Заманбек, Саматұлы Асар, Әлібек Сержан, Дастан Амангелді, Бағдат Әлқуаныш қатысып, өз өмір жолындағы тәжірибелерімен бөлісті
📌Қонақтар оқушылармен еркін сұхбат құрып, табысқа жетудің құпиялары, тәртіп, еңбек, мақсат қою және дұрыс таңдау жасау туралы құнды кеңестер айтты. Спорттағы жеңістің артында үздіксіз еңбек, жігер және жауапкершілік тұратынын атап өтті.
📌Кездесудің мақсаты:
Оқушыларды алға мақсат қоюға, өз-өзін дамытуға, еңбекқорлыққа, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, сондай-ақ табысты тұлғалардың өмір жолы арқылы мотивация беру.
📌 Құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу.
Кездесу өте әсерлі әрі пайдалы өтті.
13 қараша күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Соның нәтижесінде:
6б сынып оқушысы Аккелбек Жансерик-1 орын, ағылшын тілі, жетекшісі: Умирзакова Фарида Агисовна,
6ә сынып оқушысы Сейтенова Арайлым-3 орын, математика пәнінен, жетекшісі: Жантұрғанова Көркемай Масатқызы,
5б сынып оқушысы Шиллер Роберт -3 орын, орыс тілі мен әдебиеті, жетекшісі: Бисенова Динара Торегалиқызы.
Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз!!!
Аудандық «Кішкентай білгірлер» байқауынан 1 орын алған 4 ә сынып оқушылары, жетекшісі Орынбаева А. Қ.
2025 жылдың 10-14 қараша аралығында «Тіл – ұлттың жаны, әдебиет – рухтың шамы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің апталығы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттырып, әдебиетке қызығушылығын ояту, сөз өнерінің құдіретін сезіндіру. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау. Ұлтымыздың рухани таланты – Абай мұрасына, рухына тағзым ете отырып, даналық сөздерін оқушы санасына сіңіру, рухани құндылықтарды дарыту.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







