«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұлағатты ұстаздарды ұлықтау, оқушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, бала оқушы мен аға-апа оқушы арасындағы ынтымақтастықты негіздеу мақсатында 3 қазан күні 10-11 сынып оқушылары мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектептегі өзін-өзі ұйымдастыру жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 10-11 сынып оқушылары өткізіп, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі ролінде ойнаған балалар ұстаздардың жұмысының қаншалықты ауыр әрі маңызды екенін түсініп, аталған жұмыстың жауапкершілігін сезінді. Іс-шаралардан кейін ұстаздарына алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдірді.
3 қазан күні мұғалімдер күніне орай, ұстаздар қауымын ұлағаттау мақсатында 10-11 сынып оқушылары "Дублер күнін" өткізді.
2 қазан күні Алға аудандық кәсіподақ ұйымы және Алға ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығы және ұстаздар күні аясында «МЕРГЕН ҰСТАЗ-2024» пневматикалық мылтық атудан аудандық сайыс өтті.
Нәтижесінде:
ДАУЛЕТЖАНОВ ШЫНБОЛАТ «ВПР-1» ату түрінен ерлер арасында ІІ орын, «ВПР-2» ату түрлерінен ерлер арасында І орынға
ТАНАТАРОВ ЖАСҰЛАН «ВПР-2» ату түрлерінен ерлер арасында ІІІ орын есебімен біздің командалық есепте ІІІ орынға ие болды.
Ұжымды жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
2024 жылдың 18 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы "Қалалық техникалық шығармашылық орталығында” халықаралық “R:ED FEST" робототехника фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Осы кезең бойынша Үшқұдық орта мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
Шығармашылық санаты бойынша:
1 - орын Маратов Нұрислам мен Аманжол Елеусін;
Сумо санаты бойынша :
2 - орын Рақышұлы Дінислам мен Нұрлан Нұрбол;
Сызық бойынша қозғалыс санаты бойынша :
“Қатысушы дипломымен “* Еркебұлан Дамир мен Бақытбекұлы Омар;
Алғыс хатпен тәлімгері Дуйсембаева Рита марапатталды. Әріптесімізді жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







