«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
9-сынып оқушыларынан ББЖМ-ға дайындық мақсатында үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша электрондық форматта тест алынды.
13 наурыз күні Үшқұдық орта мектебінің педагог қызметкерлеріне 30.01.2026 жылы жарияланған “Сараптамалық кеңес және авторлық материалдарды әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ” таныстырылды. Педагогтерге дидактикалық материалдар, оқу құралдары, әдістемелік құралдар мен әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ авторлық бағдарламаларды әзірлеу және апробациялау бойынша әдістемелік ұсынымдар кеңінен түсіндірілді.
04.03.2026 күні мектеп директоры және директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары тарапынан мектепішілік бақылау жоспарына сай 4-ші класс оқушыларынан білім сапасын тексеру мақсатына негізгі пәндерден тест жұмысы алынды.
28 қазан күні сағат 11.00 де "Адал Азамат" бірыңғай тәрбие жоспары аясында 3-7 сынып оқушылары арасында "Күзгі асар" мерекесі өтетінін хабарлайды. Мерекеде оқушылардың тәттілерімен жәрмеңке, мың бұралған бишілер биі, хор ұйымдастырылуда. Мерекеге жауапты көркем еңбек пәні мұғалімі Асанова Э.А. қосымша білім беру педагогі Уралова А.М.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







