Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

24 қараша күні Үшқұдық орта мектебінде «Болашақ өзіңнен басталады» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге спорт саласында жетістікке жеткен жеңімпаздар — Қанатұлы Заманбек, Саматұлы Асар, Әлібек Сержан, Дастан Амангелді, Бағдат Әлқуаныш қатысып, өз өмір жолындағы тәжірибелерімен бөлісті
📌Қонақтар оқушылармен еркін сұхбат құрып, табысқа жетудің құпиялары, тәртіп, еңбек, мақсат қою және дұрыс таңдау жасау туралы құнды кеңестер айтты. Спорттағы жеңістің артында үздіксіз еңбек, жігер және жауапкершілік тұратынын атап өтті.
📌Кездесудің мақсаты:
Оқушыларды алға мақсат қоюға, өз-өзін дамытуға, еңбекқорлыққа, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, сондай-ақ табысты тұлғалардың өмір жолы арқылы мотивация беру.
📌 Құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу.
Кездесу өте әсерлі әрі пайдалы өтті.

© 2025 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі