«Өткенді танып, болашаққа қадам»
Тарих – ұлттың жады, өткен мен бүгінді, болашақты жалғап тұрған алтын көпір. Өткенін таныған ел ғана болашағына нық қадам басады. Осы орайда оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектебімізде 8–12 желтоқсан аралығында Тарих және Құқық апталығы өткізілді.
Апталықтың ашылу салтанаты «Өткенді танып, болашаққа қадам» тақырыбында ұйымдастырылып, оқушыларға халқымыздың бай тарихи мұрасы, ел тәуелсіздігі жолындағы күресі, құқықтық сананың маңызы туралы кең көлемде мағлұмат берілді. Іс-шара барысында оқушылар өткен тарихты саралап, бүгінгі күнмен салыстыра отырып, өз ойларын ортаға салды.
Апталық аясында түрлі танымдық, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың логикалық ойлау, ой түйіндеу, салыстырмалы талдау жасау және өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жас ұрпақты өз тарихын құрметтеуге, елін, жерін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу басты назарда болды.
Тарих-құқық апталығының мақсаты:
-
Оқушыларға халқымыздың өткен тарихы туралы жан-жақты мәлімет беру;
-
Тарих пәнінің маңыздылығын ұғындыру және пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-
Оқушылардың салыстырмалы ойлау, талдау жасау, ой түйіндеу дағдыларын дамыту;
-
Өзіндік пікір қалыптастырып, еркін ой айтуға баулу;
-
Өткеннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге тәрбиелеу;
-
Оқушыларды өз елінің тарихын құрметтеуге, қадір тұтуға, азаматтық және патриоттық рухта тәрбиелеу.



