Ұлағатты ұстаздарды ұлықтау, оқушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, бала оқушы мен аға-апа оқушы арасындағы ынтымақтастықты негіздеу мақсатында 3 қазан күні 10-11 сынып оқушылары мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектептегі өзін-өзі ұйымдастыру жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 10-11 сынып оқушылары өткізіп, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі ролінде ойнаған балалар ұстаздардың жұмысының қаншалықты ауыр әрі маңызды екенін түсініп, аталған жұмыстың жауапкершілігін сезінді. Іс-шаралардан кейін ұстаздарына алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдірді.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ
"Дублер" күні

© 2025 «Ақтөбе облысының білім басқармасы
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі