«LEADER TOPIQ-2024» Республикалық байқауы жеңімпаздарын марапаттау АҚТӨБЕ облысынан басталды!😍🏆
Биыл «LEADER TOPIQ-2024» Республикалық байқауының дәстүрлі түрде 4-рет ұйымдастырылып, ел аумағынан 500-ден астам өтінім келіп түсті. Байқаудың басты мақсаты – «TOPIQ.kz» электронды оқулықтар платформасының үздік пайдаланушылар тәжірибесімен бөлісу.
Байқауға қатысушылар саны бойынша белсенділік танытқан облыс қатарынан Ақтөбе обылысы да табылды. Байқаудың Алғашқы кезеңіне Ақтөбеден 60-қа жуық өтінім келіп түсіп, оның тең жартысы екінші кезеңге жолдама алды. Нәтижесінде бірнеше номинация бойынша 10 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды. Марапаттау рәсімі дәстүрлі «Тамыз кеңесі» аясында өтті.