Мектебімізде 18-22 қараша аралығында «Тіл - асыл қазына» атты қазақ тілі апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: Оқушыларға ана тілін құрметтеп, ақылды, салмақты сөз айтуға, ойын нақты, жүйелі жеткізуге, тапқыр оймен шешен сөйлеуге көңіл бөлу, адамгершілікке баулу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Апталық ашылуынан аяғына дейін әдемі эмоциялар мен керемет сезімдерге толы болды. Апталықтың алғашқы күні мектебіміздің дарынды оқушылары ұлттық сұрақтарға жауап берді, бауырсақ мақалдар болды. Апта көлемінде әр түрлі қызықты шаралар атап айтсақ: «Ұлттық киімді дәріпте», «Қазақша караоке», «Әуенді тап», «Ұлттық ойын-халық мұрасы», «Қазақтың ұлттық ойыны-асық» ұйымдастырылды.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ
ҮШҚҰДЫҚ ОРТА МЕКТЕБІ апталық
© 2025 «Ақтөбе облысының білім басқармасы
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



