10.02.2025-14.02.2025 күндері аралығында “Цифрлық әлемге-кемел біліммен” атты физика-информатика апталығы өткізілді. Бұл апталықтың басты мақсаты – оқушылардың осы екі маңызды ғылымға деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту, сонымен қатар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
Физика – табиғаттың тылсым сырларын ашатын ғылым, ал информатика – осы білімді өңдеп, жаңа технологиялар арқылы өмірімізге енгізетін сала. Осы апталық барысында түрлі сайыстар, тәжірибелік сабақтар, ғылыми жобалар мен қызықты шаралар өткізіліп, оқушылардың білімдерін жетілдіруге бағытталады. Осы апталықтан алған білімдері алдағы уақытта оқушыларымызға пайдасын тигізіп, үлкен жетістіктерге жетулеріңізге себеп болады деп сенеміз.