Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес 12 мамыр күні Үшқұдық орта мектебінің базасында «Жетекші мектеп пен серіктес мектептер қоғамдастығы аясында педагогтердің ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибемізден» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.
Семинар барысында жетекші мектептің тәжірибесін тыңдап, серіктес мектептер мен жетекші мектепте өткен LESSON STUDY зерттеу сабақтарының қорытындысымен таныстырды.
Семинарда ұсынылған ашық сабақтар мен тәжірибе алмасу алаңы педагогтер арасында кәсіби ізденісті дамытуға , шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыт берді, сондай-ақ жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға оң әсер етті. Әсіресе, жетекші мектеп пен серіктес мектептердің ынтымақтастығы, тиімді тәжірибелер мен нәтижелері айрықша назар аудартты.
Семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, жаңа идеялар мен жобаларға шабыт алды.
Мұндай іс-шаралар педагогикалық қауымдастықтың кәсіби дамуына ықпал етіп, білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Өткен облыстық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып,білім беру үдерісін жетілдіру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Семинарға Ақтөбе қаласының мектептері мен Шалқар,Байганин,Мәртөк,Мұғалжар,Темір аудандарының және серіктес мектептердің координаторлары мен мұғалімдері қатысты.
Семинардың өтуіне басшылық жасаған Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.Т.Койшегулова мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері А.К.Сарсеноваға және Ақтөбе облыстық Педагогикалық шеберлік орталығының тренері В.Т.Андироваға алғысымызды білдіреміз.

© 2025 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі