13 наурыз күні Үшқұдық орта мектебінің педагог қызметкерлеріне 30.01.2026 жылы жарияланған “Сараптамалық кеңес және авторлық материалдарды әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ” таныстырылды. Педагогтерге дидактикалық материалдар, оқу құралдары, әдістемелік құралдар мен әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ авторлық бағдарламаларды әзірлеу және апробациялау бойынша әдістемелік ұсынымдар кеңінен түсіндірілді.
Педагогтердің авторлық материалдарды дайындау, сараптамаға ұсыну және сүйемелдеу тәртібі туралы сұрақтарына жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жауапты: Каратаева Б.Т Жетписбаев Ш.С Сатаева М.А



