Ұлттық кітап күні – руханият пен білімге, парасат пен зердеге құрметтің белгісі. Осы күнді ерекше атап өту – тек кітапты дәріптеу емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарымызды, дара тұлғаларымызды ұлықтау. Солардың ішіндегі ең шоқтығы биік тұлға – қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбаев.
Биыл ұлы Абайдың туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл – тек тарихи дата емес, ұлт санасына сәуле шашар рухани серпіліс уақыты. Абай – өз заманынан озық туған, ой-толғамы бүгінгі күнге де бағыт-бағдар болатын дара кемеңгер. Оның өлеңдері мен қара сөздері адамгершілік, білім, еңбек, әділдік, махаббат сынды ұлы ұғымдарды насихаттайды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, білімге ұмтылысын арттырудың ең тиімді жолы – Абай шығармаларын оқу. Абайды оқу – тек әдеби мәтін оқу емес, ол – терең ойға бойлау, өзін тану, әлемге жаңаша қарау.
Абай былай дейді: «Ғылым таппай мақтанба...» – бұл тек бір ғана өсиет емес, бүкіл ұлт болашағына жол көрсеткен бағдаршам іспетті. Оның әрбір сөзі – ұлттың рухани асыл қазынасы.
Олай болса, Абайды оқы, таңырқа! Оның даналығынан нәр алып, өзіңді таны. Өйткені Абай – әр қазақтың жүрегінде өмір сүретін мәңгілік мұра.
23 сәуір Ұлттық кітап күнінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай "Абайды оқы, таңырқа" мәнерлеп оқу кеші
Жауапты Даулетжанов Ш. Б.