«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ауыл мектебі және STEM:мүмкіндік пен кедергілер» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.
Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес 31 наурыз күні Үшқұдық орта мектебінің базасында
«АЛҒА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОКРУГІ » ЖОБАСЫ аясында
«Ауыл мектебі және STEM:мүмкіндік пен кедергілер» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты - ауыл мектептерінде STEM білімін дамыту жолдарын талқылау, мұғалімдердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау және STEM бағытындағы оқытудың тиімді әдістерін көрсету.
Іс-шара барысында қатысушылар STEM бағытындағы сабақ үлгілерімен танысып, мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, ауыл мектептеріндегі мүмкіндіктер мен кездесетін кедергілер кеңінен талқыланып, оларды шешудің нақты жолдары ұсынылды.
Ауыл мектептерінде STEM білімін дамыту – бүгінгі білім беру жүйесінің маңызды бағыты. Жоба барысында мұғалімдерге STEM технологияларын оқу-әдістемелік жұмыста тиімді қолдану жолдары ұсынылып, заманауи тәсілдер арқылы білім сапасын арттыру мүмкіндіктері көрсетілді. Қатысушылар тәжірибе алмасып, ауыл мектебі жағдайында жүзеге асыруға болатын нақты идеялармен толықты.
Практикалық жұмыстар қатысушыларға жаңа идеялар беріп қана қоймай, оларды өз тәжірибесінде қолдануға нақты бағыт-бағдар ұсынды.
Өткен облыстық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім беру саласындағы жаңашылдықтарды дамытуға, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.
Семинарға Қарақобда МБ,Жерұйық НМ, Ақай ОМ,Сарықобда ОМ,Болгарка МБ,Көлтабан бастауыш мектебінің мұғалімдері қатысты. Семинардың өтуіне басшылық жасаған Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.Т.Койшегулова мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Н.М.Кәрімоваға алғыс білдіреміз.
ЭСТЕТИКА ПӘНДЕР ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ АПТАЛЫҒЫ
02–06 наурыз аралығында мектебімізде музыка және көркем еңбек пәндері бірлестігінің «Өнер – ұлт қазынасы» атты апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды іс-шараларға толы болды. Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру және эстетикалық талғамын қалыптастыру. Апталық аясында «Әсемдік әлемі – гүлдер әлемі» тақырыбында гүлдер көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өз қолдарымен жасаған түрлі композициялар мен әсем гүл шоқтарын ұсынды. Көрме барысында оқушылардың қиялы мен шеберлігі, сұлулыққа деген талғамы ерекше көрініс тапты. Әрбір жұмыс өзіндік ерекшелігімен көз тартып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары арасында «Өнерлі отбасы» атты сайыс өткізілді. Бұл сайысқа оқушылар ата-аналарымен бірге қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар ән айтып, би билеп, түрлі қолөнер жұмыстарын таныстырып, отбасы бірлігі мен өнерге деген құрметтің үлгісін көрсетті. Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Апталық барысында өткізілген іс-шаралар оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық белсенділігін дамытып, рухани дүниесін байыта түсті. «Өнер – ұлт қазынасы» атты апталық өз мақсатына жетіп, есте қаларлық жарқын сәттерге толы болды.
Химия, биология, география апталығы
Үшқұдық орта мектебі бойынша 2026 жылдың 23 ақпаныы мен 27 ақпаны аралығында мектепішілік жоспарға сәйкес химия, биология, география пәндері апталығы өткізілді. Апталық жоспары алдын ала құрылып, мектеп әкімшілігі тарапынан бекітілді.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын арттыру, ғылыми ойлау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Жоспарға сәйкес апталық барысында түрлі сыныптан тыс іс-шаралар, танымдық және зияткерлік ойындар, көңілді үзілістер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Химиктер лигасы», «Жер шарын саяхаттайық», «Қызықты химиялық тәжірибелер алаңы», «Үш ғылым – бір әлем», «Ғылым тапқырлары», «Забота о земле - обязанность каждого», «Жаратылыстану әлеміне саяхат» тақырыптарында ойындар мен сыныптан тыс шаралар өткізілді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 сынып оқушыларын марапаттау.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық және облыстық кезеңдерінде жүлделі орын алған оқушыларымыз салтанатты түрде марапатталды.
💎 Білімге деген құштарлық пен табандылықтың нәтижесі – жарқын жеңістер!
💎 Алда әлі талай биіктер мен жаңа табыстар күтіп тұр. Жеңістеріңіз құтты болсын!
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







